Пенжімдегі өрттің төбелеске қатысы жоқ – полиция
Пенжімдегі өрттің төбелеске қатысы жоқ – полиция
Фото: zarplata-es.com
147
оқылды

Алматы облысының Полиция департаменті Пенжімде жанжалдың мән-жайын айтты.

Полиция 27 қазан күні сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім кентінде мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысқан тұрғынның үйінің жанына 30-ға жуық адам жиналғанын растады.

Жиналған адамдар жеке үйлердің әйнегін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті сындырған. Факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Сондай-ақ сағат 22:45-те Панфилов АПБ кезекші бөліміне Пенжім кентіндегі жаңа салынған үйлер орналасқан жердегі үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт орнына аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ кезекші нарядтары келді» делінген ресми мәліметте.

Үй иесінің айтуынша, өрт пештен шыққан. Сағат 23:30 шамасында өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.

Қазіргі уақытта Пенжімдегі жағдай бақылауда. Полиция жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұған дейін Пенжімдегі төбелесте жарақат алып, ауруханаға жеткізілген баланың денсаулығы туралы жазған болатынбыз.