"Құрметті, қазақстандықтар! Кеше күндізгі уақытта Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасындағы төбелеске ұласты. Өкінішке орай, төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шекті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ол қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған топтық төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үйлер мен көліктердің әйнектерін сындырған.
Ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өткім келеді.
Жергілікті тұрғындар - қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері болып табылады, олардың барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды.
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы М.Батырбеков және «Қоғамдық келісім» КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Олармен бірге ақсақалдар, жигит-беши, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді", - деп жазды ол.
Айтуынша, қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты.
Бұған дейін Пенжімдегі жанжал туралы хабарлағанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram