Алматыда алаяқ әйел тұрғындардан 130 млн теңге алдап алған
Алматыда алаяқ әйел тұрғындардан 130 млн теңге алдап алған
213
оқылды
Алматыда әйел азаматтарды күмәнді жобаға инвестиция салуға шақырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 130 миллион теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 51 жастағы М. есімді азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланған. Сотпен “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасына санкцияланды. Күдікті инвестициялау бойынша ЖШС ашып, оны туысқанына тіркегені анықталды. Әйел туыстары мен достары арқылы адамдарды тарта отырып, оларға ақша түріндегі жәрдемақы алуға уәде беріп, презентациялар жүргізе бастады. Бөтеннің мүлкін өз меншігіне заңсыз және өтеусіз айырбастау мақсатында алдау жолымен жәбірленушілерге салған соманың 10% мөлшерінде ай сайын дивиденд төлеуге уәде берген. Ниетінің түзу екенін дәлелдеу үшін жәбірленушілермен өз компаниясының атынан жалған инвестициялық келісімдер жасап, олардан қолхат арқылы 500 мыңнан 50 миллион теңгеге дейін ақша алған, – дейді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.