Желіде Алматыда болған өрттің видеосы пайда болды
Желіде Алматыда болған өрттің видеосы пайда болды
© CC0 / pixabay.com
138
оқылды
Алматыда ғимарат отқа оранды. Желіде өрттің видеосы пайда болды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні кешкі сағат 20:02 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Сухамбаев көшесі, 21 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі шақырту бойынша аттанды.
«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 5 минутта жетті. 2 қабатты кешеннің төбесінде орналасқан сауна өртеніп жатты. Тілісіз жаудың жапсарлас ғимаратқа таралу қаупі туындады. Дереу өртті сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді, штаб құрылып, өртке қарсы екі жауынгерлік учаске құрылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар жоғына барлау жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады ведомствадан.
Өрт бір сағат ішінде сағат 20:46-да толық сөндірілді.