Қазақстан кубогында VAR жүйесі қолданылады
Қазақстан кубогында VAR жүйесі қолданылады
Фото: news24.com
172
оқылды
Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осыған байланысты FIFA-ның ресми рұқсатын алды. Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешісі оқудың барлық кезеңінен өтті. Аталған мамандар ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA-ның қажетті лицензиясын алды.
«Келесі маусымда Суперкубок, ел біріншілігі және кубок ойындарында қызмет көрсететін барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда. Осы маусымдағы Кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді», – деп жазылған Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы таратқан хабарламада.