«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жауапты баскарма өкілдері Қазалы ауданында болып, партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылуын тексерді.
Жол картасы бойынша облыс аумағындағы «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесі тұсынан Сырдария өзені арқылы салынатын көпірдің құрылысы 2022-2023 жылдарға жоспарланған. «Жобаны жалпы құны – 4,4 млрд теңге. Көпірдің құрылысын 17 айда салып бітіру жоспарланған. Салынатын өткелдің жалпы ұзындығы 2,5 км болса, темірбетон көпірінің ұзындығы – 248 метр. Автокөліктердің қозғалыс жолағының саны – 2 тарау, жалпы ені – 13 метр. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы мен жарық шамдар да орнатылатын болады», – деді Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын, сонымен қатар сегіз елді мекенді байланыстыратын бұл көпірге елдің артып отырған үміті күшті. Сондықтан да партиялық бақылау комиссиясының өкілдері құрылыстың сапалы жүргізілуін қазірден бастап қадағалауға кіріскен, ал ол аяқталғанда ел игілігіне айналатыны, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қоса түсетіні анық.Би-Барыс КӨКШЕ