Жастар – қоғамның қозғаушы күші
Жастар – қоғамның қозғаушы күші
529
оқылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жас­тар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйым­дас­тыруымен «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» атты кеңес өтті.

Кеңеске Шымкент қаласы әкі­мінің бірінші орынбасары Шың­ғыс Мұқан, «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалының бірінші орын­ба­сары Жанар Бектаева, мәслихат де­путаттары, аудан әкімдері, құ­қық қорғау, аумақтық депар­та­мент басшылары, қала әкім­ді­гінің басқарма басшылары, жо­ғары оқу орындардың бас­шы­лары мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы жас­тар­дың сапалы білім алып, бәсе­ке­ге қабілетті маман болып қа­лып­тасуына жағдай жасап, олар­дың қоғам өміріне белсене ара­ласуын қолдайды. Жастар сая­сатын жүзеге асыруда пар­тия­ның алар орны күн санап ар­тып келеді. Жалпы, тәуелсіздік жыл­дарында мемлекетіміз жас­тар­ды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараны жү­зеге асыруда», – деді қала әкі­мі­нің бірін­ші орынбасары Шың­ғыс Мұқан. Әсіресе, соңғы уақытта ел жас­тарына көңіл бөлу, оларды барын­ша жан-жақты қолдау ісі ерек­ше қарқын алды. Мұның бас­ты айғағы ретінде «Nur Otan» пар­тиясының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың баста­ма­сымен 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағытта берген тапсырмалары шеңберінде қабылданып жатқан жүйелі шараларды, жүзеге асы­рыл­ған жобаларды айтуға бо­ла­ды. Кеңесте қалада жастар сая­са­ты аясында жүзеге асыры­лып жат­қан жұмыстардың нәтиже­лері, жастардың дамуы мен әлі ше­шімін таппай отырған мәсе­ле­лер туралы айтылып, мемле­кет­тік бағдарламаның нәтиже­сін­де жетістіктерге жеткен жас­тар өз ойларымен бөлісті.

Би-Барыс КӨКШЕ