Жанармай талондарын ұрлаған
Жанармай талондарын ұрлаған
237
оқылды

Жанар-жағармай бағасы шарықтаған, кейде тіпті тап­шылығы туындаған за­манда соған қол жеткізуге мүмкіндік беретін талондар нағыз құндылыққа айнал­ғанға ұқсайды. Теміртауда ер адам жоспар құрып, кә­сіп­орыннан мүлікті емес, 290 мың теңгенің жанармай талондарын ұрлап кеткен.

Polisia порталының хабарла­уынша, Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне осыған қатысты шұғыл хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу кәсіпорындардың бірінің га­ражына кіріп, жанармай талон­дарын қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 290 мың теңгені құрады. Қыл­мыстық кодекстің 188-бабы (Ұр­лық) бо­йын­ша қылмыстық іс қоз­ғалды. 25 қазанда жедел-із­дестіру іс-ша­ралары барысында криминалдық полиция қызмет­кер­лері күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ай­ғақты заттарды алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Айхан ШӘРІП