Есірткі зертханалары жойылды
Есірткі зертханалары жойылды
125
оқылды

Кейінгі кезде «есірткі ты­ғып кетушілер» көбейді. Осын­дай желілерді қашық­тан басқарған топтар әшке­ре­ленді. Қазанда ҰҚК Ал­ма­ты қаласы бойынша де­парта­менті қалалық про­ку­рату­раның үйлестіруімен өңірдегі жасырын зертха­наларда ірі партиялы син­тетикалық есірт­кі жасауға және оларды интернет ар­қылы таратуға қатысы бар 2 есірткі тобының жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарла­уын­ша, жедел-іздестіру іс-шаралары ке­ше­нінің нәтижесінде Қырғыз Рес­пуб­ликасының азаматы мен төрт Қа­зақстан азаматы ұсталды. Олар «ме­федрон» және «Aльфа-PVP» жасырын өндіретін 2 есірткі зерт­ханасын ұйымдастырған, «өнімін» көтерме партияда өткізіп келіпті. Тінту барысында 4 келі синте­тикалық есірткі және 40 литр жар­тылай дайын есірткі заты, 1 келі гашиш, 20 келіден астам хи­миялық қоспа және зертханалық жаб­дықтар табылды. «Қылмыстық тауардың мес­сенд­жерлер арқылы, байланыссыз тәсілмен жасырын жерге қал­дыруды жүзеге асыру жолымен та­ратылғаны анық­тал­ды. Осы фактілер бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша депар­таменті сот­қа дейінгі тергеу мате­риал­да­рын Қылмыстық кодекстің 297-ба­бының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Есірткі заттары мен прекурсорлардың ірі партия­сын жасырын жасап, Алматының «қара нарығына» жеткізудің тоқ­таусыз жалғасып жатқанын атап өту қа­жет», – деді ведомство. 2021 жылдың басынан ҰҚК қа­лалық департаменті есірткі за­ты­ның заңсыз айналымының 18 фак­тісі­нің жолын кесті, синте­ти­калық есірткі жасайтын 10 жа­сы­рын зертхананың жұмысын тоқ­тат­ты. Заңсыз айна­лымнан 255 ке­лі­дей есірткі заты тәркіленді. Есірткі биз­несімен айналысқан 33 адам ұс­­та­лып, қылмыстық жазаға тартылды.

Айхан ШӘРІП