Алматы халықаралық әуежайында жанармай тапшылығына байланысты ұшақтарға май құюға шектеу енгізетін болды, – деп жазады tengrinews.kz.
Әуежайда үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемін шектеу және бір жолғы чартерлік рейстердің жанармай құюын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
«Шектеу Қазақстандағы авиациялық отынның тапшылығына байланысты енгізілді» делінген ресми хабарламада.