Сәтбаевта педофилдерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Сәтбаевта педофилдерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Сурет: inform.kz
316
оқылды
Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардың жазасы жеңілдемейтін болды. Сотталғандар мен қорғаушылар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берген еді.
Сотталғандардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен расталған. Бұл жаза олар жасаған қылмыстардың ерекше ауырлығын ескере отырып әділ болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес (ҚК 46-бабы 4-бөлігі) өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге тағайындалмайды, сондықтан П-ның жұбайы 22 жыл түрмеде отырады. Үкім заңды күшіне енді, − деп хабарлады Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген еді. Оқиға 23 шілдеде болды. Бұған дейін Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлағаны үшін сотталғандар шағым түсіргенін жазған болатынбыз.