«Омбы-Майқапшағай» тас жолында жол апатынан 3 адам мерт болды, – деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жол апаты «Омбы-Майқапшағай» тасжолында Павлодар облысына 1 шақырым қалғанда болған.
«Хонда» маркалы автокөлік жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Кенет рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 және 4-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.