11 қабаттан секіріп кеткен оқушының өлімі: Министрлік мәлімдеме жасады
11 қабаттан секіріп кеткен оқушының өлімі: Министрлік мәлімдеме жасады
Фото: ukrinform.ru
356
оқылды
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда 11-қабаттан секіріп кеткен оқушыға қатысты мәлімдеме жасады. 
«Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 8-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді», – делінген комитет хабарламасында.
Тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күту қажет.
«Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады» делінген хабарлада.
Бұған дейін Алматыда оқушының 11-қабаттан секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.