50 ғасырлық тарих туралы кітап
50 ғасырлық тарих туралы кітап
539
оқылды

Халықаралық Түркі академиясында академик, қазақ антропологиясының негізін қалаушы Оразақ Смағұловтың Айнагүл Смағұловамен бірлесіп жазған «Қазақ халқы мен оның ататегіне орай антропологиялық очерктер» атты жаңа еңбегінің таныстыру рәсімі өтті.

Халықаралық Түркі ака­демиясы­ның жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне орайластыра ұйымдастырылған таныстырылым­ға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халық­ара­лық ұйым басшылары, сонымен қатар депутаттар, дипломаттар, жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, танымал түркологтер қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғы сөзімен жарық көрген іргелі еңбек Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Жаңалығы мол ғылыми еңбек төрт тілде – қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде әрқайсысы жеке-жеке кітап ретінде басылып шықты. Кешенді антропологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындылары негізге алынған бірегей басылым­ның лентасын Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев кесті. кітап Іргелі еңбекте абыз ғалым қазақ халқының Ұлы даланы 50 ғасырдан бері мекен еткен автохтонды жұрт екенін бұлжымас ғылыми айғақтар­мен дәлелдеп берді. Бірегей ба­сылымға арқау болған антро­пология­­лық зерттеулердің нәтиже­лері әлемге танымал ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Жаңа еңбек туралы пайымды пікірлерін білдірген көптеген белгілі ғалымның айтуынша, әлемнің ешбір ұлтында тамырын 5000 жылдық тереңнен тартатын тұтас тарих ғылыми айқындалмаған. Сондықтан аталған туынды әлеу­меттік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы айтулы жаңалық саналады.

А.СҰЛТАН