Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Алматыдан қаралы хабар келді. Менің досым, әріптесім Евгений Гайдамакин қайтыс болды. Біз "Караван" газетінің редакциясында, "Наш Спорт" сайтында жұмыс істедік. Кейін де жұмыс бойынша жиі кездесетінбіз. Сосын Алматыда жиі футбол ойнадық, ортақ достарымыз, іссапарлар көп болды.
Соңғы кездері ол YouTube-тегі Sports True жобасымен айналысып жүрген. (...) Ал бүгін ол жоқ. Коронавирус бізден 40-қа да толмаған талантты журналисті алып кетті", - деп жазды Қожахмет.
Жақында ғана Гайдамакин UFC-де өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз - Мария Агаповамен бірге шығарылымын жариялаған болатын.