Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі жалауын көтерді
Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі жалауын көтерді
Сурет: елорда әкімдігі
352
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge (ISU) халықаралық турнирі өтіп жатыр, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир қазан айының 28-31 аралығында өтеді. Биыл екінші рет өтіп жатқан халықаралық доданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен «Денис Тен қоғамдық қоры» ұйымдастыруда. Жарыс жасөспірімдер мен ересектер, жекелей және жұптық сындар, сондай-ақ мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша өтеді. Турнирге 20 елден 100-ден аса спортшы қатысуда. Олардың ішінде 2021 жылы өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен 2022 жылы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындары жүлдесіне үміткерлер де бар.