Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 м. қашықтық бойынша финал аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Айта кетерлігі, бұл - Денис Никишаның биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.