Астанада аз қамтылған отбасыларға 50-ден астам азық-түлік себеті таратылды
Астанада аз қамтылған отбасыларға 50-ден астам азық-түлік себеті таратылды
Сурет: kaz.elorda.info
527
оқылды

Елордада азық-түлік себеттерін тарату бойынша қайырымдылық акциясы өтті. Азық-түлік себетін 50-ден астам аз қамтылған отбасы алды, – деп хабарлайды Elorda.info.

Азық-түлік себеттері осы демалыс күндері қалада өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде жиналды. Елорда әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысының кәсіпкерлері қайырымдылық іс-шараның демеушілері болды.
“Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімдігі биыл "30 игі іс" акциясын өткізуде. Акция аясында жыл басынан бері аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратамыз. Әр себеттің салмағы шамамен 30 келі. Себетте картоп, пияз, қырыққабат, ұн, жұмыртқа, өсімдік майы, сүт, айран, шұжық сияқты қажетті өнімдер бар. Бұл қайырымдылық іс-шараның демеушілері Ақмола облысының кәсіпкерлері болды. Қайырымдылық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
[caption id="attachment_168494" align="alignnone" width="1200"] width= Сурет: kaz.elorda.info[/caption] Азық-түлік себеті көмек ретінде 50-ден астам мұқтаж отбасыға, соның ішінде толық емес және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ жалғызбасты зейнеткерлерге берілді.
“Қала әкімдігі өтініштерімді назардан тыс қалдырмайды. Үнемі көмектеседі. Біз жақында баспана алдық. Аз қамтылған отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіледі. Елорда әкімдігіне көп рақмет", – дейді көпбалалы ана Жазира Сариева.
Іс-шара карантиндік шектеулерді қатаң сақтай отырып өтті. Айта кету керек, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда «Игі істер марафоны» өткізіліп келеді, оның аясында еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, кәсіпкерлер аз қамтылған тұрғындарға 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты.