Саматәлі Төлтаев Колумбияның үш дүркін чемпионын жеңді
Саматәлі Төлтаев Колумбияның үш дүркін чемпионын жеңді
Фото: lada.kz
223
оқылды
Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев Белградта бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді. 1/8 финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төлтаев Колумбияның үш дүркін чемпионы Дуван Сулета Мореномен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Есеп: 4:1. Осылайша, Саматәлі Төлтаев Белградта өткен әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бұған дейін 1/4 финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) өнер көрсетті. Сондай-ақ, бүгін кешкі сессияда Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) өнер көрсетеді.