«Үшінші раундта алда деді»: Саматәлі  Төлтаев жеңіске қалай жеткенін айтты
«Үшінші раундта алда деді»: Саматәлі  Төлтаев жеңіске қалай жеткенін айтты
Фото: Sports.kz.
158
оқылды
Қазақстан боксшысы  Саматәлі  Төлтаев Белградтағы әлем чемпионатының ширек финалына шыққаннан кейін Vesti.kz тілшісіне сұхбат беріп, жекпе-жек қалай өткенін айтты.    60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 21 жастағы қазақстандық колумбиялық Дуван Зулета Моренодан басым түскен болатын.
– Бірінші раундта жаттықтырушылар тактика қойды, оны ұстандым. Екіншісінде басқасын. Оны да ұстандым. Жақсы шықты. Ал үшіншісінде қарсылас әрекетін өзгертіп, маған қысым жасай бастады. Шаршадым, бірақ басы жақсы басталды, соның есебінен келесі кезеңге өттім. ...Маған бірінші және екіншіде жеңгенімді айтты, ал үшіншісінде алда деді. Бірақ қарсылас қысым жасай бастады. Ол жақсы боксшы, жеңгісі келді. Сәтті бастаманың есебінен жеңдім, – деді боксшы.