Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазан, сағат 19:30-да Байғанин ауданының Ноғайты ауылынан бес шақырым жердегі “Ақтөбе-Атырау” автожолында жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті.
Анықталғандай, Ақтөбе қаласына бет алған Mitsubishi Lancer автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі “Ақтөбе-Атырау” автожолында 308 шақырым жерде жүріп келе жатып, басып озу кезінде Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі мен Mitsubishi және Volkswagen автокөліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал Volkswagen Passat автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол апаттарының ең көп тараған себептерінің бірі - жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін еске салады, жүргізушілерге жолда өте мұқият және абай болуды ескертеді.