Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер апаттың мән-жайы мен себебін анықтайтын болады. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға, сонымен қатар күзгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 10 айда облыс жолдарында 151 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 206-сы жарақат алған.
Роза ШӘКЕН,
Солтүстік Қазақстан облысы