Елордада автобус трактормен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Елордада автобус трактормен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
© liter.kz
142
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусы трактормен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті.
«Бүгін шамамен сағат 13:35-те елорданың Тәшенов көшесі мен Республика даңғылында №2 бағдарлы автобустың жүргізушісі қозғалыс қашықтығын бұзып, арнайы техниканың (трактор) артқы жағына соғылды», - деп мәлімдеді City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметінен.
Жол-көлік апаты салдарынан автобустың үш жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Компания оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қажетті материалдар жинағанын, олардың арнайы тергеу бөліміне жолданатынын хабарлады.
«Автобус жүргізушісі бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқ. Жолаушылар көлігін жүргізу өтілі 12 жылды құрап отыр», - деп атап өтті компаниядан.