Ақмола облысында он екі күн бойы іздеуде болған Қосшы тұрғыны, 38 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 15:05 шамасында Целиноград аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осыдан он екі күн бұрын жоғалған Қосшы қаласының 1991 жылғы тұрғыны Сандуғаш Таубайқызы Бекішованы Нұр-Сұлтан қаласының жеке секторында орналасқан үйлердің бірінен тапты, онда ол от жағушы болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 20 қазанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Қосшы қаласының 38 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, әйелін іздеп табуға көмек сұраған.