Бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болды
Бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болды
Фото: china.org.ru
251
оқылды

Ер адам бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған. Ашуға булыққан ер адам өзін-өзі өртемек болды. Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға қаланың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған.

Полицияға  көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетінін айтып, қорқытқаны туралы хабарлама түскен. Ер адамның Ұлан ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистраны тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған жоқ» делінген ақпаратта.

Жолды жауып, өзге көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін көмір тиеп жатқан жүк көлігінің шөмішіне мініп алған әйел туралы жазған болатынбыз.