Ақылы жолдар дайын болмай шықты
Ақылы жолдар дайын болмай шықты
154
оқылды

«ҚазАвтоЖол» жеті жолды ақылы режимге көшіру туралы бұйрық әлі тіркеліп жатқанын хабарлады. Жаңа ақылы жолдар 1 қарашадан бастап қолданысқа берілуі керек болған. Алайда Әділет министрлігі құжат тіркеп үлгермей, іс кейінге шегерілді.

Енді жүргізушілер тағы 15 күн мына жолдармен тегін жүре алады. Олар: Нұр-Сұлтан–Павлодар; Шымкент–Өзбекстан шекарасы (Ташкентке); Щучинск–Көкшетау; Қапшағай–Талдықорған; Шымкент–Тараз; Тараз–Қайнар; Шымкент–Қызылорда. Жаңа жолдарда шлагбаум болмайды, тұрғындар өз шотына мобильді қосымшалар арқылы ақша салады. Жобада төлемді автоматты қабылдауға мүмкіндік беретін RFID таңба беру де қарас­тырылған. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мамандары I санаттағы жолдың әр шақырымына жеңіл машина мінгендер 1 теңге, ал жүк көліктері 5-25 теңге төлейтінін айтты. «ҚазжолҒЗИ» АҚ II және III санаттағы жолдар үшін сұралатын төлем тарифін анықтау әдістемесін әзірлепті, оның құны қолданыстағы тарифтен әлдеқайда төмен болуы қажет.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ