Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің біріне есірткі “қойып кетуші” ұсталды
Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің біріне есірткі “қойып кетуші” ұсталды
293
оқылды
Нұр-Сұлтанда 25 жастағы есірткі “қойып кетуші” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Нұр-Сұлтан қаласында азаматтардың қырағылығының арқасында тұрғын үй кешенінің баспалдақ алаңына есірткі жасырып жүрген 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. “102” пультіне “Highvill” ТК қауіпсіздік қызметінен шақырту түсті. 20-қабаттағы бейнебақылау камерасын қарау барысында баспалдақтың есігінің астына белгісіз затты салған күдікті жас жігітті байқады. Патрульдік-күзет қызметінің наряды келгеннен кейін полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен синтетикалық есірткісі бар изолентамен оралған түйіншекті тәркіледі. Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, жылдың басынан бері мессенджер арқылы синтетикалық есірткіні сатып алып, қолданып келеді. Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды бей-жай қалмауға шақырады. Егер сіз есірткіні пайдалану, тарату немесе өндіру фактілеріне тап болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе “102” телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.