Әлем чемпионаты: Төлтаевты тонады ма?
Әлем чемпионаты: Төлтаевты тонады ма?
Фото: mail.sports.kz
159
оқылды

Қазақстандық төреші Серікжан Ешмағамбетов Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев пен шотландиялық Риз Линчтің жекпе-жегі туралы айтты.

"Біздің боксшы Төлтаевты тонау. AIBA өзінің төрешілер бригадасымен бірге не істегісі келеді, соны істейді", - деп жазды Ешмағамбетов Instagram-да. Естеріңізге сала кетейік, Төлтаев - Линч жекпе-жегі 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда өтіп, шотландиялық боксшының даулы жеңісімен аяқталды — 3:2. Қазақстан делегациясы ширек финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша екі жекпе-жектің нәтижесіне наразылық жолдады: Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін) және Нұрқанат Райыстың жекпе-жегін (75 келіге дейін) қайта қарау ұсынылды. Өкініштісі сол, шешім өзгеріссіз қалып отыр.