«Алтай» клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
«Алтай» клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
224
оқылды

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ұйымдастыратын клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылдың 15-19 желтоқсаны аралығында өтеді. Аталған сында Азия құрлығының намысын өскемендік «Алтай» клубы қорғайды.

Еске сала кетейік, «Алтай» командасы клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алған болатын. Қазіргі ел чемпиондары финалда Таиланд лигасының төрт дүркін жеңімпазы «Накхонратчасима Qmin C» командасын 3:0 есебімен жеңді.