Жоғалған қызды іздеу 2 қарашада басталған болатын. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады.
Бойжеткен сол күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы полицияға хабар берген.
«Биыл 2 қараша күні Балқаш қаласында полициядан 55 жастағы қала тұрғыны көмек сұрады. Ол 19 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. Бұл факті тіркеліп, полицияның бүкіл жеке құрамы бойжеткенді іздеуге жұмылдырылды», – деді полицей.
Кеше Балқаш көліне жақын маңнан 19 жастағы қыздың денесі табылды. Мәйітте көзге көрінетін азаптау белгілері байқалмайды. Қыз аязға үсіп өлген болуы мүмкін.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Өлім себебі анықталып жатыр.