Тоқаев ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында жымқырылған қаржыны тергеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді тапсырды
Тоқаев ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында жымқырылған қаржыны тергеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді тапсырды
194
оқылды
Президент ауыл шаруашылығын тиімді субсидиялау мәселесіне тағы да тоқталып, соңғы 5 жыл ішінде бұл мақсатта 2 триллионнан астам теңге бөлінгенін атап өтті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
– Нәтижесінде не көріп отырмыз? Бюджет қаражаты лезде жоқ болады, олардың жұмсалуы бойынша бірыңғай бақылау қойылмаған. Нақты экономикалық пайда да жоқ. Нарықтарымызда көршілес елдердің ауыл шаруашылығы өнімі басым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне прокуратурамен және басқа да органдармен бірлесе отырып, осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырдым. Бұл мәселеге жұртшылық пен аграрийлерді тарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамыту жөнінде республикалық кеңесте.
Субсидиялау мәселесіне қатысты сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыру фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы Марат Ахметжанов егжей-тегжейлі баяндады.
– Фактілер, әрине, өте ауыр. Мемлекетке миллиардтап шығын келтіріп отыр. Тергеуді сапалы өткізу маңызды екенін тағы да ескертемін. Сіз айтқан тәжірибе бірнеше жылдар бойы орын алып отырғанын атап өткен жөн. Бұл кеше туындаған мәселе емес. Сондықтан Сізге тергеу жұмыстарын одан әрі жоғары деңгейде жүргізуді тапсырамын. Барлық жауапты тұлғаны жазалау керек. Түптеп келгенде, түрмелерде орын жеткілікті, – деп ескертті Президент.