Англияда қазақстандық боксшыға белгісіз біреулер қышқыл құйып, қашып кеткен
Англияда қазақстандық боксшыға белгісіз біреулер қышқыл құйып, қашып кеткен
Фото: MTK Kazakhstan
145
оқылды
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Коточиговке Саутгемптонда өтетін жекпе-жекке дайындық кезінде шабуыл жасалған. Белгісіз біреулер оның үстіне қышқылға ұқсас сұйықтық құйып, қашып кеткен. Салдарынан спортшының денесін күйік шалды. Бұл туралы ол  Instagram парақшасында хабарлады. Боксшыға Англияда бөлмесінде түнде шабуыл жасалған. "Англиядағы жиын мен үшін аздап сәтсіз өтті. Қысқаша тоқталсам: мен 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуға кірістім. Төрт күн өтті. Бір күні түнде үйде ұйықтап жатқанда, есік артынан шу естілді, әлдекім құлыпты ашуға тырысып жатыр екен. Төсектен атып тұрып, қолыма пышақ алмақшы болдым. Бірақ асханада шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе жоқ екен. Есік ашылып, адамдар баса-көктеп кіріп келді, бәрінің басында капюшон. Олар менімен төбелескен жоқ, үстіме қышқылға ұқсайтын затты құйып жіберіп, қашып кетті", – деді боксшы. Коточигов бірден өз бапкеріне хабар берген. Жаттықтырушы спортшыны ауруханаға апарған.