Медицина саласын цифрландыру бақылауда
Медицина саласын цифрландыру бақылауда
187
оқылды

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында «Денсаулық сақтауды цифрландыру» және міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру жұмыстары туралы мәселе қаралды.

Комиссия мүшелерінен құ­рал­ған жұмысшы тобы қала ем­­­ханаларына жүргізген мо­ни­то­ринг пен өңір тұрғындарымен өт­­кізген сауалнама нәтижесінде аза­маттардың көпшілігі ден­сау­лық саласындағы жаңа ақпа­рат­тық технологияларды (DamuMed, DamuPro және т. б. қосымшалар) әлі де кең көлемде қолданбай­тын­дары немесе олар туралы мүл­дем естімегендері белгілі бол­ды. Цифрландырудың меди­ци­на­лық көмек көрсету процесін өте оңтайландырылатыны бел­гі­лі. Пациенттер мобильді қо­сым­шаларды пайдалану арқылы ем­ханаға бармай-ақ зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуына бо­лады. Өйткені бұл қыз­мет­тер­дің бәрі смартфонда қолжетімді. Бұл пациенттің уақытын үнем­деу­ді ғана емес, сонымен қатар ке­зектің қысқаруына, меди­ци­на­лық қызметкерлердің жұмы­сын жеделдетуге әсер етеді. Осы орайда, отырысқа қа­тыс­­қан құзырлы мекемелердің (Атырау облысының Денсаулық сақ­тау басқармасы, ҚеАҚ-ның Атырау облысы бойынша «Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының» филиалы, ҚР ДСМ-нің «Республикалық электрон­дық денсаулық сақтау орталығы» Аты­рау облыстық филиалы жә­не т.б.) басшыларына аза­мат­тардың сапалы медициналық қыз­мет алуларын қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсыныстар бері­ліп, аталған мәселелердің пар­тия бақылауында болатыны ес­кертілді.

Би-Барыс КӨКШЕ