Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау соттарында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілі қолданыла бастады. Енді сыбайлас жемқорлық баптары бойынша үкім сотталушы еңбек еткен ұжымның қатысуымен жарияланады.
Бүгін сот Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Дамба балық инспекциясы бөлімінің экс-қызметкеріне бұрынғы әріптестерінің қатысуымен үкім шығарды.
Сот Дамба балық инспекциясы бөлімінің бұрынғы қызметкері Е.Жұбановқа Солтүстік Каспийдің ерекше қорғалатын табиғи аймағына балық ресурстарын заңсыз аулау үшін адамдардың кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін, жалпы қамқорлығы үшін және бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл салды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Мамыттың айтуынша, бұл - профилактикалық іс-шара. Сотталушы инспекция қызметкері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қандай да бір қылмыс үшін заң бойынша және қатаң түрде жауап беруге тура келетінін түсінуі үшін жасалып жатырған шара.
Сайып келгенде, бұл қадамның қаншалықты нәтиже берерін уақыт көрсетеді.