Аягөзде рота командирі сарбаздардың атынан 2 миллион теңге несие алған
Аягөзде рота командирі сарбаздардың атынан 2 миллион теңге несие алған
© Қорғаныс министрлігі
284
оқылды
ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы ұзақ уақыт бойы өзінің лауазымын асыра пайдаланып, сарбаздардың атына несие алып келген.
Тергеу барысында анықталғандай, рота командирі Kaspi bank мобильді қосымшасы және шағын несие ұйымдары арқылы әскерге шақырылғандарға екі миллион теңгеден астам сомаға алты несие ресімдеткен. Бұдан бөлек, ол 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, бірнеше рет жалақыларын шешіп алды. Офицер сол ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып қалған, − делінген ақпартта.
Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен айыпталушы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.