Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2021 жылы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.
54 келіге дейінгі салмақта ол финалда жапондық Томойа Цубоймен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан құрамасының сапында 2021 жылғы әлем чемпионатының алғашқы күміс жүлдегері атанды.
Турнир барысында Сабырхан ресейлік БАҚ-тан «қазақтың Ломаченкосы» деген лақап ат алып, оңтүстіккореялық Ин Кю Кимді, шотландиялық Мэттью МакХейлді, бразилиялық Майкл Тринидад пен үндістандық Акаш Кумарды жеңді.