Президент Қарағанды облысында қаза тапқан шахтерлердің отбасына көмектесуді тапсырды
Президент Қарағанды облысында қаза тапқан шахтерлердің отбасына көмектесуді тапсырды
Сурет: malim.kz сайтынан алынды
146
оқылды

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
"Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды", - делінген ресми хабарламада.
Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.