Алматыда ағайынды екі жігіт көшеде кетіп бара жатқан әйелді тонады
Алматыда ағайынды екі жігіт көшеде кетіп бара жатқан әйелді тонады
© ernur.kz
256
оқылды
Алматыда ағайындылар көшеде кетіп бара жатқан әйелді тонады, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Алматыда 23 және 18 жастағы ағайынды екі жігіт қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінді.
«Хмельницкий көшесінің бойында олар әйелді қорқытып, алтын сырғасын шешіп алған. Жәбірленуші күдіктілерді есіне сақтап қалды. Соның арқасында бірнеше сағаттың ішінде олар ұсталды. Жас жігіттер зергерлік бұйымды сатып үлгерген», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1,3-тармағы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.