ІІМ Ресейде тіркелген автокөлік иелерінің жиналуына қатысты түсінік берді
ІІМ Ресейде тіркелген автокөлік иелерінің жиналуына қатысты түсінік берді
© inform.kz
275
оқылды
Еліміздің Ішкі істер министрлігі ресейлік нөмірлі автомобиль иелерінің жиналу себебін түсіндірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Министрлікте өткен баспасөз мәслихатында «Бүгін еліміздің бірнеше қаласында Ресейде тіркелген автомобиль иелері мамандандырылған ХҚКО алдына жиналды. Олардың талабы қандай, соңы немен бітті?» – деген сауал қойылды.
«Иә, бүгін автомобиль иелерінің жиналғаны рас. Олар көліктерінің мамандандырылған ХҚКО-да расымен тіркелгеніне көз жеткізгісі келді. Және жиналғандарға ресейлік көлікті ел аумағында тіркеуге қатысты түсіндіру жұмысы өтті. Бұл жерде Қазақстанға әкелінген әрбір ресейлік автокөліктің мәселесін жеке қарастыру керек. Және біз өз тарапымыздан көмек, қолдау көрсетуге әзірміз. Еліміздің қай бұрышында болса да, тіркелмеген көлік иесі не істеу керектігін жергілікті полиция қызметіне жүгініп біле алады. Осы орайда, Қазақстанда заңды тіркелмеген көлік иелеріне айтарымыз, оның ішінде ресейлік нөмірлі автомобильдер де бар, көліктеріңізді ресми тіркеңіздер», – деп жауап берді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Бұған дейін ІІМ өкілі Қазақстанда жүрген ресейлік нөмірлі 88 мың көліктің тіркеуден шығарылғанын мәлім еткен еді.