Рыбакина рекордын жаңартты
Рыбакина рекордын жаңартты
284
оқылды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 16-дан 14-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші саналады. Ал Юлия Путинцева 44-тен 42-сатыға жоғарыласа, Зарина Дияс үздік жүздікке қайта оралды. Қазір Зарина 98-орында келеді. Гөзал Айнитдинова 481-інші, Жібек Құламбаева 515-орында. Жұптық сында Е.Рыбакина 49-орында қалса, Анна Данилина 79-сатыға көтерілді. Жібек Құламбаева (395) мен 16 жасар Дана Байдәулет (963) өз көрсеткіштерін жақсартуда. Ерлер арасында АТР рейтингісінде Александр Бублик 36-орында қалса, Дмитрий Попко 170-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 177-ден 187-ге сырғыды. Тимофей Скатов 264-тен 262-ге жоғарылады. Денис Евсеев 393-орында. Бейбіт Жукаев бірден 25 саты көтеріліп, 724-орынға жайғасты. Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 72-орында келеді.

Абылайхан ЖҰМАШ