Тоқаев Ыстамбұлда өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады
Тоқаев Ыстамбұлда өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады
© azattyq-ruhy.kz
280
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстамбұл қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр» деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.