Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер беріледі
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер беріледі
© kfb.kz
236
оқылды
Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль алған Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай тапсырма берді", - деп жазды ол.
Белградтағы бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді. Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алған болатын.