Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды
Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында сәтті өнер көрсетті.

51 келіге дейінгі салмақта финалда Бибосынов америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасып, оны бірауыздан төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына екінші алтынды әкелді. Алғашқы «алтынды» Теміртас Жүсіпов (48 келі) еншіледі.

Бибосыновтың биыл Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде алғанын қосамыз. 2021 жылғы әлем чемпионатындағы өнеріне келсек, ол финалға жолдама өзбекстандық Хасанбой Дусматовты, үндістандық Дипакты, колумбиялық Жуберхен Мартинесті және таиландтық Танарат Саенгфетті де жеңді.