«Тендер алып беремін» деген алаяққа сеніп, 5 миллион теңгесінен айырылды
«Тендер алып беремін» деген алаяққа сеніп, 5 миллион теңгесінен айырылды
Фото: tengrinews.kz
159
оқылды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, елді алдаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Төлеби АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, биыл наурыз айында танысы «тендер алып беремін» деп сеніміне кіріп, бес миллион теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтау айтқан танысы ақшаны қайтармаған. Уәдесін де орындамаған.

Полиция ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша арызды тіркеді. Күдікті әйел ұсталды. Алаяқ әйел ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген.

Полицейлер әйелдің бұдан басқа да тағы бір азаматтан бір миллион теңге алғанын әшкереледі.

Бұған дейін «Жер алып беремін» деген алаяққа сенген тұрғын ақшасынан айырылып қалғанын жазған болатынбыз.