"ҚазМұнайГаз" компаниясы "ҚазТрансГаз" акцияларын 1 теңгеге сатып жіберді
"ҚазМұнайГаз" компаниясы "ҚазТрансГаз" акцияларын 1 теңгеге сатып жіберді
Фото: kaztransgas.kz
519
оқылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берілгені туралы хабарлады. Мәміле сомасы – 1 теңге.
Бұл қадам ел басшылығының газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық операторды құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
«Айта кетейік, ҚТГ-ның бөлінуі нәтижесінде, ҚМГ қарызы 1,1 млрд АҚШ долларына (берілген кепілдіктерді есептегенде 1,6 млрд долларға) азаяды» делінген "Қазмұнайгаз" АҚ  таратқан ақпаратта.