Egov "Сберге" берілмейтін болды
Egov "Сберге" берілмейтін болды
465
оқылды
Ресейлік Сберге отандық электрондық платформа берілмейтін болды. Елімізді цифрландыру мәселесімен әрі қарай тек қазақстандық IT компаниялар айналысады. Бұл туралы құзырлы министрлік жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Сбербанктің мамандары Қазақстанның цифрландыру бағдарламасымен айналыспайды. Енді Қазақстанның цифрландыру бағдарламасын отандық IT мамандары жүзеге асырады. Бұл ақпарат кеше Бағдат Мусин қатысқан жиында анық айтылды. Әлбетте бұл жұмыс үшін импортты компоненттер қажет болуы мүмкін. Көлік, жиһаз сынды өнімдерді шығару үшін импортты компоненттер керек және ол компоненттерді сатып ала алуымыз мүмкін. Ал өнімнің өзін Қазақстан компаниялары өндіреді. Барлық ақпараттық база Сбербанкке берілмейді және өз еліміздің аумағында сақталады. Сондай-ақ, Сберге ешкім 500 миллион төлемейді. Ақшаның көп бөлігі өз елімізде қалады, яғни, ол қаражат IT компаниялардың мамандарына айлық ретінде беріледі», – деді Мұхтар Тайжан.