Ресейден әкелінген көлікті пайдаланып жүргендердің проблемасын шешетін 17 call-орталық ашылды
Ресейден әкелінген көлікті пайдаланып жүргендердің проблемасын шешетін 17 call-орталық ашылды
Фото: tengrinews.kz
223
оқылды

Ресейден әкелінген көлік Қазақстанда тіркелуі керек. Ішкі істер министрлігі қазір Қазақстанда пайдаланылып жүрген көліктердің Ресейде тіркелгенін тексеру үшін, азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондарына 14 сағат бойы хабарласуға болатын сall-орталықтарды іске қосты.

Жүргізушілер полицияға өздеріне маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады. Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.    width=

«Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ҚР ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты» делінген министрлік ресми хабарламасында.

Бұған дейін бір құжаттың 3 көлікке тиесілі екенін жазған болатынбыз.