Алматы облысында 30 жылда өнім өндіру көлемі артып, бюджетке түскен пайда 742 миллиард теңгеге дейін өсті  
Алматы облысында 30 жылда өнім өндіру көлемі артып, бюджетке түскен пайда 742 миллиард теңгеге дейін өсті  
Фото: baribar.kz
131
оқылды

Нұр-Сұлтанда халыққа есеп берген  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде 30 жылда жеткен жетістіктер туралы айтты.

Амандық Баталовтың айтуынша,  30 жылда аймақта өндіріс көлемі артқан.
«Биыл Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы уақытқа дейін Алматы облысы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, жалпы өнім көлемі 35 миллион теңгеден 3,7 трлн теңгеге дейін көбейді. Дайн өнім шығару 9,5 млн теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн теңгеден астам, ал 30 жылда 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджетке түсімдер 1997 жылғы 11 млрд теңгеден 742 млрд теңгеге дейін өсті. Облыс экономикасына 6,5 трлн теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ биыл 10 айда экономиканың барлық саласында тұрақты өсім болды, – деді әкім.
Жыл соңына қарай өнім көлемі 1 трлн 300 млрд теңгеден асады. Шикізаттық емес экспорт 6 пайызға өсіп, 392 миллион долларға жетеді.

Амандық Баталов бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алматы облысында пайдалануға берілген баспана көлемі артқанын айтқан болатын.