Семей қаласында әйел мен оның екі баласын қағып кеткен 16 жастағы жүргізуші ұсталды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.
«Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында әйел мен оның 2 және 3 жастағы балаларын қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні тапты. Ол «ВАЗ 2113» көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім болып шықты» делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.