Елордада Mercedes жүргізушісінің кесірінен жеті автокөлік соқтығысты
Елордада Mercedes жүргізушісінің кесірінен жеті автокөлік соқтығысты
129
оқылды
12 қараша күні таңғы сағат 08:10 шамасында астанадағы Түркістан көшесінде Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, алдында тұрған Hyunday автокөлігін соққан. Соққының қатты болғаны сонша Mercedes-тен бөлек алты автокөлік зақымданды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға салдарынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция аталған жайт бойынша тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)